12.12.2025, 12:00

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқандар ұсталды

Фото: Pixabay

Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді.

Алматыда жаңа туған нәрестелерді сату ісіне қатысы бар қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік осал топтарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады. «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесілді: барлығы 39 факт тіркелді, оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты.

Алматы қаласында жаңа туған нәрестелерді сату фактілеріне қатысы бар қылмыстық топ әшкереленді.

— Ұйымдастырушылар қиын өмірлік жағдайға тап болған жас әйелдерді материалдық сыйақы үшін сәбиін бөгде адамдарға беруге итермелеген. Барлық қатысушы ұсталды. 20-дан астам қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілерге мүлкін тәркілей отырып, 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — делінген хабарламада

Сонымен қатар Алматы мен Астана қалаларының түнгі ойын-сауық орындарында профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізілді. Оның мақсаты — азаматтарды қылмыстық қанау тәуекелдерінің алдын алу, жастарды асоциалды әрекетке тарту фактілерін болдырмау және қоғамдағы моральдық құндылықтарды нығайту. Кешенді профилактикалық жұмыс жалғасады.