12.12.2025, 11:10

Семей саябақтары қоқысқа толды

Фото: видеодан скрин

Айтуларынша, мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған, сол себепті олар тәртіп сақшыларынан тез арада шара қабылдауды талап етуде.

Семейдегі аяқкиім фабрикасы маңындағы аллея тұрғындары тыныштық бұзылып, демалыс орнының қоқысқа көміліп қалғанына тағы да шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Куәгерлер жолдаған видеода белгісіз адамдардың попкорн сатылатын ыдыстарды жаппай төгіп, қоғамдық орынды ашық түрде ластап жатқан сәті анық көрінеді.

Балалар серуендейтін, жұрт демалатын аллеяның бір сәтте қоқыс алаңына айналуы тұрғындардың наразылығын күшейтті. Айтуларынша, мұндай жағдай бірнеше рет қайталанған, сол себепті олар тәртіп сақшыларынан тез арада шара қабылдауды талап етуде.

Пікірде көпшілік «қоқыс жақын маңдағы кинотеатрдан шығарылуы мүмкін» деген болжамын жазып жатыр. Соған қарамастан, әкімдік мәселені бақылап отырмыз деп қана шектеліп, нақты әрекетке көшпей отырғаны жұртшылықтың ашуын туғызды.