12.12.2025, 13:20

Алматыда 24 жастағы қыз 12-қабаттан құлап көз жұмды

Фото: T.me/Jagdai

Қайғылы оқиғаны Полиция департаменті растады

Алматыда 12-қабаттан құлап кеткен қыз бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаны қалалық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне ресми түсіндірме жасады.

«Аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды.24 жастағы қыздың қаза болу себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.