Өрт бөлек тұрған жазғы үйден шыққаны анықталды.
Астананың Есіл ауданында орналасқан коттедж қалашығында жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, оқиға Ұлы Дала даңғылы бойындағы жеке тұрғын үй аумағында тіркелген. Өрт бөлек тұрған жазғы үйден шыққаны анықталды.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қауіпсіздік мақсатында екі газ баллонынаумақтан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.
40 шаршы метр аумақ жанған.
Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрт 40 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің өзге нысандарға таралуына жол берілмеді.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері нақтыланып жатыр.