22.12.2025, 11:00

2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды

Фото: egemen.kz

2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады.

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл өсім 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген. 2026 жылы елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін ұлғаяды. Қазір ол 62 771 теңгеге жетті. Осылайша өсім 6 278 теңге болады. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі де артып, 2026 жылы 35 596 теңгеге дейін көтеріледі. Өсім көлемі – 3 236 теңге.

2026 жылы индексациядан кейін ең төменгі зейнетақы мөлшері 104 645 теңге, ал ең жоғары зейнетақы 238 412 теңге болады.

Айта кетейік, Қазақстанда зейнет жасына шығу жасы ерлер үшін – 63 жас, әйелдер үшін – 61 жас. Бұл норма 2028 жылға дейін сақталады. 2025 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткер саны 2 млн 516 мың адам,а өскен.