22.12.2025, 11:10

Таразда “Бірінші сорт” деп сатылған “Пионер” ұнының ішінен қоқыс шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде тараған видеода ұнның арасынан тіс тазалағышқа ұқсас қоқыс көрінеді.

Тараз қаласында тұрғындар «Пионер» маркалы бірінші сорт ұнын ашқанда ішінен бөгде заттар шыққанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода ұнның арасынан тіс тазалағышқа ұқсас қоқыс көрінеді.

Тұтынушылар мұндай өнімнің сапасына күмән келтіріп, халықтың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін екенін айтады. Желі қолданушылары жауапты органдардан бұл жағдайды тексеріп, өндірушіге шара қолдануды талап етуде.

Мамандар азаматтарды ұн өнімдерін пайдаланар алдында мұқият қарап, күмәнді тауарды тұтынбауға шақырады.

 

Тегтер: қоқыс Тараз ұн