22.12.2025, 15:20

Талдықорған тұрғыны мысығын кір жуғыш машинаға салып жуған

Фото: видеодан скрин

Жағдайға бейжай қарамаған желі қолданушылары жағдайды қызу талқыға салып, e-Otinish арқылы полицияға шағым жазған. 

Жетісу облысында әйел мысықты кір жуатын машинаға салып жуындырған. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әйелдің өзі түсіріп алған видео желіде тарады. Кадрдан кір жуғыш машина ішінде шошынып отырған мысықты көруге болады. Жағдайға бейжай қарамаған желі қолданушылары жағдайды қызу талқыға салып, e-Otinish арқылы полицияға шағым жазған. 

“Медбике мысықты кір жуатын машинаға жуып, оны желіге әзіл ретінде жариялап жіберген. Ол мысығын әр апта сайын осылай жуындырады екен. Осындай жауыздықты қашан тоқтатасыздар?”, “Медбике бола тұра осылай істесе, науқастарға қалай қарайтынын елестету қиын”, “e-Otinish арқылы шағым жазайық. Қазір арыз жазу үшін белгілі бір мекемеге барудың қажеті жоқ”, “Бұл кісі қайда жұмыс істейді? Бүкіл жеке дерегін тауып, оның не бүлдіріп жүргенін көрсетуіміз керек. Оның науқастарды қалай азаптайтынын елестете алмаймын. Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазуымыз керек”, – деп жазды желі қолданушылары.