22.12.2025, 17:30

Балалар күнде жүретін жол құлап жатыр: Семейдің қақ ортасындағы қауіпті шұңқырды әкімдік көрмей отыр

Фото: видео скриншот

Мұндай жағдай балалардың да, ересектердің де өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр.

Семей қаласының қақ ортасында, №6 мектептің тура жанында жол опырылып жатыр. Бұл жерден күн сайын мектепке бара жатқан балалар, ата-аналар мен жаяу жүргіншілер өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда бетон плиталар қирап, жер шөгіп кеткен. Кәріз құдығы мен орталық жылу желісінің маңында кез келген адам құлап кетуі мүмкін қауіпті шұңқыр пайда болған. Мұндай жағдай балалардың да, ересектердің де өміріне тікелей қауіп төндіріп отыр.

Балалар жүретін жолдың осындай күйге түскенін көре тұра, әлі күнге дейін бір белгіні де қоймай, қоршау орнатпай отырған Семей әкімдігінің немқұрайлылығы халықтың ашуын тудырмай қоймайды.