22.12.2025, 18:20

Астанада екі аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана берілді

Фото: видеодан скрин

Сондай-ақ қаладағы демеушілер де қосымша қаражат берген.

Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек маусым айының басында Астанада болған автобус апатының салдарынан екі аяғына ампутация жасалған 8 жасар Алуа Бекеннің отбасына уәде етілген баспана берілгенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әкім Алуаның отбасымен жеке өзі кездескенін атап өтті. Оның сөзінше, әкімдік медициналық көмек көрсеткен.

Қала әкімінің мәліметінше, №1 автобус паркі жәбірленушінің отбасына шамамен 20 млн теңге төлеген. Сондай-ақ қаладағы демеушілер де қосымша қаражат берген.

Уәде берілген пәтер де берілді. Қазір пәтерде жөндеу жұмыстары басталды. Әкімдік қазір Алуа қызымыз отбасымен бірге тұрып жатқан үйді жалдау ақысын төлеп беріп отыр. Бала қазір мектепке барып жүр. Білім ордасы да бәрін түсініп, тиісті көмек көрсетуде, - деді әкім брифингте.

Еске салайық, кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.