$ 517.66  606.49  6.44

«Өмірге өкпем жоқ»: Асанәлі Әшімовтің соңғы сөзі тарады (ВИДЕО)

Актер сұхбатында өміріне өкпесі жоқ екенін алға тартты.

Фото: bugin.kz
Фото: bugin.kz

Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің “Qazaqstan” телеарнасының “1001 түн” бағдарламасына берген сұхбаты өткен жұмада эфирге шыққан еді. Бұл актердің соңғы сұхбаты болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер сұхбатында өміріне өкпесі жоқ екенін алға тартты.

“Өмірге өкпем жоқ. Қаншама қиындық болды. Адамның басына келетін дүние болды ғой, сондықтан “Жан бөлек” деген кітап жазып шығардым. “Шығарда жаным бөлек” дейді қазақ. Олармен бірге кете алмайсың, жаның бөлек. Тірі адам тіршілігін жасайды”, – деді ол.

Сондай-ақ өнер иесі марқұм ұлын есіне алып, көзіне жас алды.

“Ұлдарым түсіме өте сирек кіреді. Бір күні ауруханада жатқанымда, таңғы ем шараларға баруым керек болған. Ұйықтап қалыппын. Сағат сегізде тұруым керек еді.  Сағидың “аға!” деген саңқ еткен даусын естіп, оянып кеттім. Сағатқа қарасам, емге баратын уақыт болыпты. Емделуден кеш қалмасын деп оятқаны ғой. Ұлдарым менің інілерімдей болды, өйткені оларды шешей тәрбиеледі. Мені “аға” деді, Майраны “тәте” деді. Мектебіне барып, сабағына қатысып, ондай болмады. Кейін кеткен соң, өкінемін ғой. Ең болмаса беттерінен бір рет сүймеппін”, – деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары