Алдағы күндерге еліміз бойынша қалың қар мен боран, оған қоса көктайғақ күтілуде.
Синоптиктер алдағы үш күнге – 2025 жылғы 23, 24 және 25 желтоқсанға – Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдағы күндерге еліміз бойынша қалың қар мен боран, оған қоса көктайғақ күтілуде.
"Алдағы бірнеше күнде Қазақстан аумағындағы ауа райын батыстан шығысқа қарай жылдам ығысатын циклон қалыптастырады. Ол өзімен бірге қар, бұрқасын, желдің күшеюін, ал батыс өңірлерде көктайғақ құбылыстарын алып келеді. Алайда 25 желтоқсанда циклонның орнын суық ауа массасының басып кіруі алмастырады. Соның салдарынан түнгі уақытта елдің батысында ауа температурасы 20–25 градус аязға, ал солтүстігінде 23–28 градус аязға дейін төмендейді",- делінген "Қазгидромет" ақпаратында.
Тек республиканың оңтүстігінде салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады.
"Күндізгі уақытта ауа температурасы 2–7 градус жылуға дейін көтеріледі".