Бүкіл республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп күтіледі.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде 2025 жылғы 24 желтоқсан, сәрсенбіде солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалы сақталатын болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, көптеген өңірде қарлы боран тұрады деп күтіледі.
Еліміздің солтүстігінде, батысында және оңтүстік-батысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады.
Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз құрғақ ауа райы күтіледі.
Бүкіл республика бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп күтіледі.