Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасы жайлы кітап жазғанын мәлімдеген.
Марқұм қарындасы Салтанат Нүкенова жайлы кітап жазып шығарған Айтбек Амангелді қазақстандықтардың сынына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтбек Амангелді әлеуметтік желідегі парақшасында қарындасы жайлы кітап жазғанын мәлімдеген.
“Бұл менің кішкентай қарындасым туралы кітап. Оның аты – Салтанат. Кітап қазір Қазақстанда қолжетімді, оны сауда желілері арқылы сатып алуға болады”, – деп жазды ол.
Кітаптың алғашқы тиражы 7 мың дана.
Алайда бұл жаңалық желі қолданушыларына бірқатарына жақпай қалды. Олар Айтбек Амангелдіні қарындасының қазасын кәсіп пен хайпқа айналдырды деп айыптап жатыр.
“Кісі қолынан қаза тапқан Салтанаттың ағасы қайтадан ақпараттық кеңістікте бой көрсетті. Менің ойымша, қайғы жеке адамның ішкі күйі болып қалуы керек, оны өзін-өзі жарнамалау құралына айналдыруға болмайды. Мұндай әрекеттер қалыпты адамдарда тек жиіркеніш тудырады, өйткені оның артында көбіне шынайы аза емес, циникалық есеп жатады. Бірақ адамдар мұның салдары туралы жиі ойлай бермейді”, “Салтанаттың ағасы қайғыны жеке бизнесіне айналдыруға көшті, кітап сата бастады, енді, сірә, фильм де түсіреді және тағы басқа”, – деп жазған олар.