Ерлі-зайыптының қарияны ұрып-соғып, аулада сүйреп жүргенін көршісі видеоға түсіріп алған.
Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адамның ісі бойынша тергеу аяқталды. Тергеу үш айға созылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ерлі-зайыптының қарияны ұрып-соғып, аулада сүйреп жүргенін көршісі видеоға түсіріп алған. Зейнеткердің қазасынан кейін ғана олар бұл кадрларды жариялап, полицияға жүгінген. 40 жастағы ұлы мен келіні балаларының көзінше әкесін үнемі сабайтыны белгілі болды.
Тергеу барысында полиция қарияның неден қайтыс болғанын анқтау үшін, эксгумация жасап, марқұмды қазып алған.
Нәтижесінде әкесіне қатыгездік танытқан ер адамге екі бірдей айып тағылды. Атап айтқанда адамның дәрменсіз екенін көре тұра азаптау және денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Айыпталушы 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жазасын колонияда өтеуі мүмкін.