25.12.2025, 13:20

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарды аралап көреді, экономиканың түрлі секторындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады, сондай-ақ облыс жұртшылығымен кездеседі.