25.12.2025, 16:00

Атырауда жантүршігерлік жол апаты: Бір адам қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Ақтөбе- Атырау- Астрахань тас жолында үш бірдей көлік соқтығысып қалды.

Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ақтөбе- Атырау- Астрахань тас жолында үш бірдей көлік соқтығысып қалды.

«24 желтоқсан күні сағат 19:00 шамасында Ақтөбе- Атырау- Астрахань тас жолында 3 автокөліктің, яғни ауыр жүк көлігі, Toyota Hilux және Toyota Alphard қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota Hilux көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі таңда тергеп-тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр», – делінген облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.