$ 512.81  604.19  6.57

Шұғыл! Министрлік зейнетақы алушыларға қатысты мәлімдеме жасады

Дереккөзге сүйенсек, қазір 2026 жылдың қаңтар айына арналған зейнетақы 30 желтоқсанға дейін әрі келесі жылғы өсімді ескере отырыптүседі деген фейк-ақпарат тарап жатыр.

Коллаж: Ulysmedia
Коллаж: Ulysmedia

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан фейк-ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Дереккөзге сүйенсек, қазір 2026 жылдың қаңтар айына арналған зейнетақы 30 желтоқсанға дейін әрі келесі жылғы өсімді ескере отырыптүседі деген фейк-ақпарат тарап жатыр.

«Зейнетақы мен жәрдемақылар өз кестесіне сай төленетінін хабарлаймыз. Индексацияны ескере отырып, қаңтар айының зейнетақы төлемдері 2026 жылдың қаңтар айында төленеді», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.

Желтоқсан айының зейнетақы төлемдері толық төленіп қойған. Еңбек министрлігі зейнеткерлерге зейнетақыны ерте аударамын деген адамдарға код айтпауды ескертіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары