28.12.2025, 22:30

Бишімбаев алиментті аз төлеу үшін қандай қулыққа барғаны белгілі болды (ВИДЕО)

Фото: © Андрей Лунин

Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов Назым Қаһарманның бұл сөзін жауапсыз қалдырмаған.

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қаһарман әлеуметтік желіде балаларының әкесі алимент көлемін азайту үшін не істегенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат поорталы Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Назым Қаһарманның айтуынша, Жоғарғы сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы шағымын қараудан бас тартқан. Арада бірнеше ай өткен соң, ол алимент көлемін азайтуға өтініш білдіріп, “төлей алмайтынын” айтқан. Назым оның бұл сөздерін жоққа шығарды. 

“Менің адвокаттарым құжатпен дәлелдеді: Қуандық әлі 15 жыл бойы алимент төлей алады. Бишімбаев өз мүлкін жасыру үшін оны жақында 26 жасқа толатын ұлының атына жазды. Өзіңнің балаңа қамқорлық жасау, әрине, керемет. Бірақ кәмелетке толмаған балаларыңа алимент төлемеу үшін мүлкіңді кәмелетке толған ұлыңнынң атына жазу – өте жиеркенішті әрекет ”, — деді ол.

Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов Назым Қаһарманның бұл сөзін жауапсыз қалдырмаған. Айтуынша, Бишімбаев ұлы жағдайын сұрап келіп, байланысын үзбей отырғандықтан бірқатар жылжымайтын мүлікті ұлының атына жазған.Сотты Назым Қаһарман жеңіп шықты. Экс-министр бұрын жасалған келісімге сәйкес алимент төлеуге міндеттелді.

“Бұл құжатты бұзу мүмкін емес және ол екі жаққа бірдей қолданылады. Қуандық ақша табу жағынан өте қабілетті адам. Егер ол осындай сұмдық әрекетке бармағанда қазір мүмкін, мультимиллионер немесе тіпті миллиардер болар ма еді. Сол кезде бұл келісім оны қорғаған болар еді. Мен одан көп талап ете алмайтын едім”, — дейді Назым Қаһарман.