$ 504.76  593.8  6.5

Абай облысында қасқыр атып алған жас жігіттің басы бәлеге қалды

Жігітке 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған полиция оған ескерту жасап, аң ату ережелерін түсіндірген.

Фото: Абай облысының ПД
Фото: Абай облысының ПД

Абай облысының Көкпекті ауданының полициясы заңсыз қасқыр атып алған 28 жастағы жігітті анықтап, оған айыппұл салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеп. 

«28 жастағы азамат рұқсат қағазы болмаса да қасқыр атып алған. Сол арқылы ол  Жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзды. Бұл әрекет Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы болып, экологияны қорғауға арналған нормаларды бұзу», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Жігітке 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған полиция оған ескерту жасап, аң ату ережелерін түсіндірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары