$ 504.76  593.8  6.5

«Көктайғақ, тұман, жел»: Бүгін ел аумағында қандай күн райы күтіледі

Республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Суық антициклонның орнын оңтүстіктен келетін жылы циклон басып, соның әсерінен қар мен боран күтіледі, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

30–31 желтоқсан күндері Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Ұлытау облысында жаңбыр аралас қар жауады. Ал Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болады деп болжануда. Республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі күтіледі.

30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі ауа температурасы минус 2 градустан плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Ал оңтүстік өңірлерде 30–31 желтоқсанда ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары