30.12.2025, 11:40

«Иығыма басыңды қой»: Асанәлі Әшімовтің жас әйеліне деген махаббаты көпті тәнті етті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Аңыз актер жас әйеліне өзіне сүйенуге болатынын айтады. 

Желіде Асанәлі Әшімовтің соңғы фотосессиясында әйеліне айтқан сөзі тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Аңыз актер жас әйеліне өзіне сүйенуге болатынын айтады. 

"Басыңды қой иығыма", - дейді ол Бағдат Әшімоваға. 

Осы тұста жазба авторы екеуінің арасындағы махаббатқа тәнті екенін жасырмады. 

"Олардың махаббаты да Асанәлідей терең, Бағдаттай нәзік еді - үнсіз түсінетін, үнсіз сүйетін", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары да түрлі пікірін қарша жаудырды.

"Еркектік мысы күшті екен", "Не деген керемет жандар", "Қандай күшті махаббат, әйелге деген құрметі күшті", деді олар.