Ол кем болмайды.
Хиджабтағы келіншек балабақшаға баратын балаларын шыршаға жібермегені үшін тәрбиешіден сөз естігенін айтты. Оның бұл жайлы айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
”Мен балаларымның жаңа жылға қатысуына рұқсат берген жоқпын. Сол себепті тәрбиешіден “балаларды неге кем қыласыз? Не үшін балалар отбасынан кем болады” деген сөз естідім. Ол кем болмайды. Қазір түсінбейді, кейін санасында қалады. Ешқандай аяз ата жоқ екеніне көздері жетіп өседі. Балалаларды алдап не керек”, — деді хиджабтағы келіншек.