30.12.2025, 16:40

«Басын жарды»: Астанада ер адам көктайғақта құлап қаза тапты

Фото: instagram.com/problemy_astana/

Оқиға А108 көшесінің бойындағы аялдаманың жанында болған.

 

Астанадағы аялдамалардың бірінің жанынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Қала тұрғындары қайғылы оқиғаны суретке түсіріп, желіге жүктеген.

«Бүгін А108 көшесіндегі аялдаманың жанында оқыс оқиға болды. Ер адам тайып құлап, басын жарып алды. Өкінішке қарай, ол көз жұмды», - деп жазылған желіде таралған ақпаратта.

Оқиға орнынан полицияның көлігі мен бірнеше қызметкерді байқауға болады. Біз осы мәселе бойынша Полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасынан мәлімет сұратты.

Бұл оқиға қатысты Қалалық денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

"А 108 көшесі, 20-үй маңындағы автобус аялдамасында ес-түссіз жатқан ер адам табылған. Жедел жәрдем бригадасы биологиялық өлімді тіркеді. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарлайды.