$ 504.76  593.8  6.5

Астанада бір күнде 100-ден астам жол апаты тіркелді

Астанадан шығатын барлық трассалар жабық.  

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанадағы көктайғаққа байланысты қаладан шығатын барлық бағыттағы автожолдарда қозғалыс уақытша жабылды, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Бүгін, 30 желтоқсан күні қала бойынша 100 жол апаты тіркелген.

«Аса қажеттілік болмаса жолға шықпауға, жылдамдық режимі мен арақашықтықты қатаң сақтауға, жолда барынша мұқият әрі сақ болуға шақырамыз. Қозғалысқа кедергі келтірмей, коммуналдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жедел қызметтердің жұмысына тосқауыл жасамауларыңызды сұраймыз», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары