$ 502.57  591.68  6.42

Астанада көктайғақ салдарынан 3 жолаушылар автобусы соқтығысты (ВИДЕО)

Жол апаты Хусейн бен Талал көшесінде болған. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Астанада көктайғақ салдарынан қоғамдық көліктердің қатысуымен бірнеше жол апаты тіркелді, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы. 

Астана полициясының мәліметінше, Iveco маркалы автобустың жүргізушісі Хусейн бен Талал көшесімен келе жатып, тайғақ жолда көлікті басқара алмай, Renault Sandero автокөлігімен соқтығысқан.

“Аталған учаскеде екі автобустың қатысуымен тағы бір жол-көлік оқиғасы орын алды. Екі жағдайда да зардап шеккендер жоқ”, – делінген полция хабарламасында. 

Полиция жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеріп, рөлде барынша мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтауға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары