31.12.2025, 16:00

Жаңа жылға бір ванна оливье салатын дайындаған қария желіні шулатты

Фото: видеодан скриншот

“Мұның барлығы ысырап, босқа кеткен уақыт”.

Жаңа жылға бір ванна оливье салатын дайындаған әже желідегілерді таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әже салатты үйіндегі ваннаға дайындаға және өте көп мөлшерде азық-түлік қолданған. 

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі бұл жағдайды асыра сілтеп жіберген, орынсыз, ысырып деп қабылдаған. Ал кейбірі жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған әжеге алғыстарын жаудырған.

Желідегілер оливье салатын жаңа жылдық символы деп атап, мереке бұл салатсыз өтпейтінін алға тартты.

“Оливье жаңа жылдың нышаны”, “Қандай жиіркенішті”, “Мұның барлығы ысырап, босқа кеткен уақыт” - десті желідегілер.