$ 505.53  593.44  6.34

Астанада 11 адам лифт ішінде қамалып қалған

Құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Елордалық құтқарушылар лифтте қамалып қалған 11 адамға, оның ішінде 5 балаға көмектесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ТЖМ мәліметінше, оқиға түнде Сарайшық ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Лифт 3-қабатттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған.

Құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:

  • өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз;
  • диспетчерге хабарласыңыз;
  • барлық түймелерді қатарынан баспаңыз;
  • лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз;
  • барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары