01.01.2026, 23:30

Астанада 11 адам лифт ішінде қамалып қалған

Фото: ТЖМ

Құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті.

Елордалық құтқарушылар лифтте қамалып қалған 11 адамға, оның ішінде 5 балаға көмектесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ТЖМ мәліметінше, оқиға түнде Сарайшық ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Лифт 3-қабатттан төмен қарай түсіп екінші қабат пен бірінші қабат аралығында тоқтап қалған.

Құтқарушылар лифт есігін ашып, адамдарға шығуға көмектесті. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ лифтте тұрып қалсаңыз келесі ережелерді еске салады:

өзіңіз алаңдамаңыз және көршілеріңізді тыныштандырыңыз; диспетчерге хабарласыңыз; барлық түймелерді қатарынан баспаңыз; лифт есіктерін өзіңіз ашуға тырыспаңыз; барлық сыртқы байланыс арналарын пайдаланыңыз.