20.08.2014, 05:42

Алматы облысының әкімі қызметінен алынып, орнына орынбасары тағайындалды

Сурет: rus.azattyq.org

Елбасы Алматы облысына сапары барысында облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың орнына Амандық Баталовты тағайындады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Мемлекет басшысы Алматы облысына жаңа әкім Амандық Баталовты тағайындады», делінген Ақорданың «twitter-дегі» қалдырған хабарламасында.

Бұл қызметте бұған дейін Аңсар Мұсаханов отырған болатын. Ал, Амандық Баталов облыс басшысының орынбасары қызметінде болған еді.