$ 512.83  600.58  6.36

Колледж дәретханасында қанды жанжал: бірінші курс студентін өлтірмекші болған ба?

Оқиға туралы блогер Рүстем Баязиев алғаш болып хабарлаған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырау облысында колледж студенттері арасындағы төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаменті жасөспірімге күш қолдану фактісін растады. Қазіргі таңда оқиғаға қатысушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, профилактикалық есепке алынған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 31 желтоқсан күні Индер ауданындағы көпсалалы ауыл шаруашылығы колледжінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, бірінші курс студенттері арасында сөзге келіспеушілік туындап, дау жанжалға ұласқан. Айтыс барысында ауыр сөздер айтылып, соның салдарынан кәмелетке толмаған студент қарсыласына соққы жасаған. Зардап шеккен жасөспірімнің мұрнынан қан кеткен.

Колледждің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, суық басқан. Кейін екі тараптың да ата-аналары оқу орнына шақырылған. Оқу орны әкімшілігінің хабарлауынша, кәмелетке толмағандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Алайда марқұмның туыстары мен куәгерлерінің айтуынша, жағдай ресми нұсқада көрсетілгендей бірден бақылауға алынбаған. Олардың сөзінше, жасөспірім беті мен кеуде тұсынан соққы алып, шамамен екі сағат бойы медициналық көмексіз отырған. Колледжде сол сәтте медбике, психолог және куратор болмаған, ал жедел жәрдем мен полиция бірден шақырылмаған.

Оқиға туралы блогер Рүстем Баязиев алғаш болып хабарлаған. Оның мәліметінше, жанжал қарапайым оқу құралын бөлісе алмаудан басталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 28
Күлкілі 3
Ашулы 46

Серіктес жаңалықтары