05.01.2026, 17:40

Ақтауда ер адам досын пышақтап тастады

Фото: Polisia.kz

Оқиға 2-ші шағын аудандағы №46 үйде болған.

Ақтауда ер адам досына пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға 2-ші шағын аудандағы №46 үйде болған.

"Алкогольді ішімдік ішкен екі дос жанжалдасып қалған. Салдарынан бірі екіншісінің жамбасына пышақ салған", - дейді полицияда.

Зардап шеккен ер адам емделіп жатыр. Бірақ ол өзіне пышақ салған досының үстінен арыз жазудан бас тартқан.

Алайда оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, дейді Маңғыстау полициясы.