$ 508.91  594.36  6.33

Ұлттық экономика министрінің әйелі бір жылда 88 млн теңге табыс тапқан

Деректер ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жарияланған. 

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2024 жылғы табысы туралы мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Деректер ұлттық экономика министрлігінің ресми сайтында жарияланған. 

Декларацияға сәйкес, 2024 жылы отбасының жалпы табысы 88 678 984 теңгені құраған. Қаражат бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялардан, яғни дивидендтер мен сыйақылардан түскен. Бұл сомаға министрдің жалақысы кірмейді. Табысты Жұманғариннің жұбайы – Сәния Садықова декларациялаған.

Фото: gov.kz

Айта кетейік, Жұманғарин қазірге дейін жариялау мерзімі өтіп кеткеніне қарамастан 2024 жылға арналған декларациясын жариялаған жалғыз жоғары лауазымды шенеунік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары