07.01.2026, 17:30

Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, ер адам адам қаза тапты

Фото: ТЖМ

Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.

Қарағандыда тұрғын үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға 6 қаңтарда кешке Әбдіров даңғылындағы 12 қабатты тұрғын үйде болған.

Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген.

"Өрт сөндірушілер сегіз адамды (оның бесеуі – бала) құтқару үшін арнайы құрылғыларды пайдаланды. 15 адам баспалдақ арқылы эвакуацияланды", - деп хабарлады өңірдегі құтқарушылар.

1997 жылы туған ер адам жанған заттардың кесірінен түтінге уланып қайтыс болды.

Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.