07.01.2026, 18:30

Мұстафа Шоқайдың еш жерде жарияланбаған суреттері табылды (ФОТО)

Фото: @unknownkazak

Бұған дейін көпшілік назарына ұсынылмаған сирек фотосуреттер музей қорын толықтырды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай мен оның жұбайы Мария Шоқайға тиесілі отбасылық альбомның түпнұсқасы тапсырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін көпшілік назарына ұсынылмаған сирек фотосуреттер музей қорын толықтырды. Құнды жәдігерді музейге Мұстафа Шоқайдың туысы Гүлбаршын Заирова табыстаған. Ал отбасылық альбомды сақтап келген – шоқайтанушы ғалым Бақыт Садықова екені айтылды.

Музей өкілдерінің мәліметінше, альбом ішіндегі фотосуреттер – тарихи тұрғыдан аса құнды. Олардың басым бөлігі бұрын еш жерде жарияланбаған. Бұл материалдар Мұстафа Шоқайдың эмиграциядағы өмірі мен жеке тағдырына қатысты тың деректерді ашуға мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, аталған жәдігерлер алдағы уақытта ғылыми зерттеулер мен көрмелерге арқау болмақ. Қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдері бұл оқиғаны ұлттық тарих үшін маңызды жаңалық ретінде бағалап отыр.

Айта кетейік, Мұстафа Шоқай – түркі халықтарының азаттығы үшін күрескен көрнекті тұлға, оның мұрасы әлі де терең зерттеуді қажет етеді.