08.01.2026, 17:00

Атырауда жоғалған отбасы: күдіктіге іздеу жарияланды

Фото: Атырау облысы ПД

Бұл туралы облыстық ПД хабарлады.

Атырау облысында Жангелді ауылының тұрғындарын өлтіру дерегі бойынша күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қылмысқа күдікті – Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ өзге де тұлғалардың қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

– 25 желтоқсанда полицияға аталған отбасының жоғалып кеткені туралы олардың туыстары хабарласқан. Әлеуметтік желі қолданушыларын ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға және жалған не расталмаған мәліметтерді таратудан бас тартуға шақырамыз, - деп мәлімдеді ПД.