$ 509.94  593.88  6.43

«Күйеу баласы мен қызы ажырасып кеткен»: Атыраудағы оқиғаға қатысты ел естімеген дерек шықты (ФОТО)

Бұл жайлы журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Атырау облысында орын алған резонансты жағдайға қатысты тың деректер белгілі бола бастады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиғаның жай-жапсарын анықтау үшін өңірге арнайы барған журналист Жанат Молдашова әлеуметтік желідегі парақшасында көпшілікке бұрын беймәлім болған мәліметті жария етті. Оның айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ресми түрде ажырасқан және қазіргі таңда заңды некеде тұрмайды.

Журналисттің жазуынша, бұл жайт бірқатар сұрақ туындатып отыр. Атап айтқанда, бұрынғы ерлі-зайыптының некесі бұзылғаны белгілі бола тұра, 1-топ мүгедек ретінде психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған әйелдің шетелге қалай шыққаны түсініксіз.

"Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиев ажырасып кеткен. Заңды некеде жоқ. Ендігі сұрақ – ажырасқан ерлі-зайыпты, әрі әйелі (бұрынғы) 1-топ мүгедек, яғни психдиспансерде есепте тұрса, қалай шетелге шықты?" – деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 6
Күлкілі 6
Ашулы 40

Серіктес жаңалықтары