$ 509.94  593.88  6.43

«Неге жылаған балаға қарамайды?»: Дәулет Мұқаев ұшақтағы жайтты айтты (ВИДЕО)

Ол баланың жылауы адамның сабырын тәрбиелейтін үлкен өмір сабағы екенін де атап өтті.
 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желіде ата-ана болғаннан кейінгі өмірлік түсінігінің түбегейлі өзгергені туралы ой бөлісті. Оның айтуынша, бұрын бейтаныс баланың жылауы жүйкесіне тиетін болса, бүгінде бұл жағдайды мүлде басқаша қабылдайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бойдақ кезде, бөтен баланың жылағаны жүйкеме тиетін. Тіпті “неге жылай береді, неге қарамайды?” деп іштей ашуланатынмын. Ал қазір мүлде басқаша», – деп жазады ол.

Депутаттың сөзінше, ата-ана атанған соң баланың жылауы жай ғана дыбыс емес, айта алмайтын сыр екенін тереңірек түсінесің.

«Өзің ата-ана болған соң, баланың жылауы жай ғана дыбыс емес екенін түсінесің. Ол да тіл. Айта алмайтын сыр. Жылаудың себебін іштей іздейсің», – дейді Мұқаев.

Ол баланың жылауы адамның сабырын тәрбиелейтін үлкен өмір сабағы екенін де атап өтті.

«Адамды өзгертетін нәрсе жас емес, атақ емес, тіпті уақыт та емес. Жауапкершілік. Оны ата-ана болғанда ғана түсінесің», – деп түйіндеді депутат.

Сонымен қатар, Дәулет Мұқаев бұрын балалармен жүрген ата-аналарға сын көзбен қарағанын, ал қазір ондай ойдан толық арылғанын жеткізді. Оның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында жылы пікір тудырып, көпшіліктің қолдауына ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 2
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары