10.01.2026, 08:30

Демалыс күні ауа райы қалай құбылады

Фото: Pixabay

Сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Алдағы күндері республика бойынша тұман басып, жел күшейеді. 

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен 10 қаңтарда елдің батысында, 11 қаңтарда солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық өңірлерінде, 12 қаңтарда шығысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжанады.

11 қаңтарда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалың қар түседі.

10–12 қаңтарда елдің оңтүстігінде, 12 қаңтарда оңтүстік-шығысында жаңбыр болжанады.

Сондай-ақ республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.

11 қаңтарда елдің солтүстігі мен орталығында, 12 қаңтарда шығысында күндіз ауа температурасы –3…+3 °C шамасында болады.