$ 509.94  593.88  6.43

Батыс Қазақстанда өртенген үйден екі адамның денесі табылды

Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

БҚО-дағы ауылда жанып жатқан үйден екі адамның мәйіті шығарылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға 7 қаңтар күні сағат 20:11-де Бәйтерек ауданына қарасты Көшім ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар үйдің шатыры мен жеке заттардың жанып жатқанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы шамамен 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция қызметкерлері үйден екі адамның мәйітін тауып, сыртқа шығарған.

Қазіргі уақытта өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары