Астанада 11 қаңтарда күндіз көктайғақ болатыны болжанады.
Синоптиктер 2026 жылғы 11 қаңтарда Астанада және еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде және күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, ал облыстың солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада 11 қаңтарда күндіз көктайғақ, кей уақытта тұман болады деп болжанады.
Астанада 11 қаңтарда күндіз көктайғақ болатыны болжанады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп болжанады. Облыстың таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Түркістанда 11 қаңтарда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман болады деп күтіледі. Ақтауда 11 қаңтарда түнде және таңертең тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Түнде және күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады деп күтіледі. Ақтөбеде 11 қаңтарда көктайғақ болатыны болжанады.
Күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, түнде облыстың батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Қостанайда 11 қаңтарда таңертең және күндіз қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болып, күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, батысында тұман түседі деп болжанады.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың шығысындағы екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда 11 қаңтарда күндіз көктайғақ болады деп күтіледі.
Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оралда 11 қаңтарда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 11 қаңтарда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.