$ 509.94  593.88  6.43

«Мисс Шымкент» жазаға тартылды

Зарина Нұржановадан бөлек, 1,4 миллион жазылушысы бар блогер Сабина Мовлаева (sss.sabina) да жауапқа тартылып, оған 196 600 теңге (50 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Фото: instagram.com/zarina_nurzhanovaa
Фото: instagram.com/zarina_nurzhanovaa

Блогер әрі “Мисс Шымкент – 2022” атағының иегері Зарина Нұржанова әлеуметтік желіде заңсыз ұтыс ойнатқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған инфлюенсерлердің қатарынан табылды. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы желтоқсанда 1,4 миллионнан астам оқырманы бар Зарина Нұржановаға (zarina_nurzhanovaa) Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша хаттама толтырылған. Айыппұл көлемі 589 800 теңге, бұл 150 айлық есептік көрсеткіш (АЕК).

Тағы кімдерге айыппұл салынды

Зарина Нұржановадан бөлек, 1,4 миллион жазылушысы бар блогер Сабина Мовлаева (sss.sabina) да жауапқа тартылып, оған 196 600 теңге (50 АЕК) көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ тізімде бар блогерлер:

  • seyfullah_beyoglu – 50 АЕК (196 600 теңге);

  • baqytova__ – 300 АЕК (1 179 600 теңге);

  • allabergen_sr – 300 АЕК (1 179 600 теңге);

  • sherkhan_kaiyrbergen – 50 АЕК (196 600 теңге);

  • ullagoooi – 50 АЕК (196 600 теңге);

  • The.takee – 150 АЕК (589 800 теңге);

  • aidana_kelin – 50 АЕК (196 600 теңге);

  • ShahKerim – 150 АЕК (589 800 теңге);

  • a_balgarayeva – 150 АЕК (589 800 теңге);
  • baurzhan.bekmyrza – 50 АЕК (196 600 теңге);

  • aikabaitasova – 150 АЕК (589 800 теңге);

  • abunasyrqyzy – 50 АЕК (196 600 теңге);

  • bagi.11block – 100 АЕК (393 200 теңге);

  • nurjau17_ – 150 АЕК (589 800 теңге).

Ведомство мәліметінше, азаматтардың өтініштері мен тексерулердің нәтижесінде 2025 жылдың өзінде ӘҚБтК-нің 445-1-бабының 6-бөлігі бойынша 121 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жалпы айыппұл сомасы 49,9 миллион теңгене жеткен.

Заңсыз ұтыс ойнатқан тұлғаларға хабарламалар жіберіліп, түсіндіру кездесулері (онлайн және офлайн форматта) өткізілген. Егер құқықбұзушы хаттамамен келіссе, айыппұлды төлейді, ал келіспеген жағдайда материалдар сотқа жолданады.

Заңсыз ұтыс ойынға не жатады?

Министрлік Қазақстанда лотерея ұйымдастыру құқығы тек лицензиясы бар операторларға ғана берілетінін еске салды. Қазіргі таңда ел аумағында мұндай оператор – “Сәтті жұлдыз” АҚ.

Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, соның ішінде блогерлер де, лотерея тәсілімен ынталандырушы ұтыс ойындарын немесе басқа да сыйлықтар ойнатуға құқылы емес.

Әсіресе Instagram-дағы “ойын” немесе конкурс түрінде көрінетін, бірақ шын мәнінде лотерея белгілері бар акцияларға ерекше назар аударылады. Оларға мыналар жатады:

  • ұтысқа қатысу тауарды немесе қызметті сатып алуға байланысты болса;

  • жеңімпаз кездейсоқ әдіспен (жеребе, кездейсоқ сандар генераторы, барабан және т.б.) анықталса;

  • материалдық немесе ақшалай сыйлықтар ойнатылса.

Мұндай акцияларды өткізу лотерея қызметіне рұқсат болған жағдайда және заң талаптары сақталған кезде ғана мүмкін екені атап өтілді.

Ережелерді бұзу жеке тұлғалар үшін 100 АЕК-тен бастап айыппұл салуға әкеп соғады. Бір жыл ішінде қайталанған жағдайда айыппұл 200 АЕК-ке дейін өсіп, табысты тәркілеу де қолданылуы мүмкін. Ал жеке кәсіпкерлер мен бизнес өкілдері үшін айыппұл 750 АЕК-ке дейін жетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары