Куәгерлердің сөзінше, қыздың денесінде пышақ жарақаты бар.
Шымкентте жас қызды пышақтап өлтірген адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Куәгерлердің сөзінше, қыздың денесінде пышақ жарақаты бар. Осыған қатысты Шымкент қаласы Полиция департаменті түсінік берді.
– Аталған дерек бойынша полиция кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта оны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.