Министрлік жанынан құрылған экономика институты бар. Ол елдегі жағдайды болжаумен, ықтимал қауіптерді алдын ала зерттеумен айналысуы тиіс.
Салық органдарының жұмысына экономистердің көңілі толмайды. Себебі мемлекет бюджетіне түспей жатқан миллиардтаған қаржыны анықтаудың орнына, болмашы қаражаттың төңірегінде айналып, шағын бизнес өкілдерімен күресуге әуес. Экономист Жангелді Шымшықовтың айтуынша, елдегі ахуал мәз емес: халық ашулы, экономика тұралап тұр, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
Министрлік жанынан құрылған экономика институты бар. Ол елдегі жағдайды болжаумен, ықтимал қауіптерді алдын ала зерттеумен айналысуы тиіс.
«Ілгері экономикалық зерттеулер институты» деп аталады. Оның филиалы 2002 жылы Астанада ашылған. Мен 2018 жылға дейін, яғни 16 жыл бойы сол институттың директоры болдым. Жылдың аяқталуына бір-екі ай қалғанда әдетте абыр-сабыр басталады. Себебі “қалған ақшаны игере алмады” деген желеумен қаржыны сыпырып алады да, келесі жылы сол көлемде қаражат бөлмейді. Бұл ешқандай ұтымды тәсіл емес, қаржылық тұрғыдан да дұрыс емес. Алайда есеп бойынша жаңа жылды нөлден бастау керек деген түсінік қалыптасқан.
Бұл — обнуление. Ең сорақысы, қаржы қаңтардан бастап бірден түспейді. Қаңтар-ақпан айларында берекесіз жағдай қалыптасады. Ақша уақытында аударылмайды, ал салық бойынша есеп беру наурыз айында ғана аяқталады», — деді жүйедегі олқылықтарды сынаған Жангелді Шымшықов.
Оның айтуынша, салық органдары негізгі түсім түсіретін ірі компаниялармен және түрлі айла-шарғы арқылы салықтан жалтарып жүрген кәсіпорындармен күресуге құлықсыз.
«Триллиондаған ақша кетіп жатыр, соны қайтарудың орнына шұқшиып сыпырғышпен қоқым іздегендей әрекет жасайды. Бұл — нәтижелі жұмыс емес. Керісінше, халықты одан сайын ашындырып, билікке қарсы қояды. Кейде билікті әдейі осы жолға түсіріп отырған біреулер бар ма деген ой келеді. Мақсаты — биліктің әлсіреуі, тіпті күйреуі. Өйткені мұндай басқару жүйесі алысқа бармайды. Біздің экономикамыз қазір өте ауыр жағдайда», — деді экономист.