$ 509.94  593.88  6.43

Шымкентте жас қызды өлтірді деген күдікті іздестіріліп жатыр

Аталған жайтқа байланысты Шымкент қалалық Полиция департаменті ресми мәлімдеме таратты.

Фото: Шымкент қаласы ПД
Фото: Шымкент қаласы ПД

2026 жылғы 11 қаңтар күні сағат 18:40 шамасында Шымкент қаласының Төлеметов көшесі маңында 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға 11 қаңтар күні болған. Көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылып, куәгерлер оның денесінен пышақ жарақатын байқағанын айтқан.

Аталған жайтқа байланысты Шымкент қалалық Полиция департаменті ресми мәлімдеме таратты.

«Осы дерек бойынша кісі өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа 1997 жылы туған, Шымкент қаласының тұрғыны Аймахан Шерхан Әлмаханұлы күдікті. Алдын ала деректерге сәйкес, ол оқиға орнынан Hyundai Mufasa маркалы автокөлікпен қашып кеткен және қазіргі уақытта іздеуде.

Құқық қорғау органдары күдіктінің жүрген жері немесе іске қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды полицияға хабарлауға шақырады.

Байланыс нөмірлері: +7 (772) 52-97-66-09
97-67-61
21-21-87
21-20-41

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары