12.01.2026, 15:20

Алматы маңында жер сілкінді

Фото: Pixabay

Сейсмологтардың мәліметінше, жер дүмпуінің қуаты 3,6 баллды құраған.

Бүгін, 12 қаңтарда, Астана уақытымен сағат 11:44-те Алматыдан 54 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сейсмологтардың мәліметінше, жер дүмпуінің қуаты 3,6 баллды құраған.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы облысының аумағында, ал тереңдігі шамамен 5 шақырым болған.