13.01.2026, 17:20

Президент АҚШ-пен келіссөздер бойынша өкілін тағайындады

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Қазыханға жаңа қызметтік міндет жүктелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Атап айтқанда, ол Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілі ретінде жұмыс істейтін болады.