13.01.2026, 18:00

Павлодардың қақ ортасында құбыр жарылып, көшелерді су басты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Павлодар қаласындағы көшелердің бірінде орталық су желісіндегі магистралдық құбыр жарылып, бірнеше көшеге су жайылды.

Қала әкімдігі апаттық учаскеде арнайы қызметтер зақымданған жерлерді жою жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Жағдай реттелгенше тұрғын үйлердің біраз бөлігі суық судан ажыратылады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Павлодар қаласындағы көшелердің бірінде орталық су желісіндегі магистралдық құбыр жарылып, бірнеше көшеге су жайылды.

- Толстой және Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысындағы су құбырының 500 мм диаметрі зақымданғаны анықталды. Аталған авариялық учаскеде зақымданған жерлерді жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүлінген келген жерлердің барлығы қалпына келтірілгенше үйлердің біраз бөлігі суық судан ажыратылады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Қаладағы су желілеріне жауап беретін «Павлодар-Водоканал» ЖШС аталған аумақ оларға тиесілі емес екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта су Толстой, Мәшһүр Жүсіп көшелері арқылы ағып, Академик Сәтбаев, Максим Горький, Абай, Карл Маркс және тағы да басқа көшелерге жайылып кеткен. 

Синоптиктер бүгін түнде облыс аумағында -30 градусқа дейін аяз тұрады деп болжап отыр. Коммуналдық қызметтер іске кірісіп жатқанымен, көшелерде қазірдің өзінде мұз пайда бола бастаған. Бұл аумақың тұрғындары жүріп-тұруымыз қиындайды ма деп алаңдап отыр.