14.01.2026, 08:30

Аяз, көктайғақ: Еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жасалды

Фото: Pixabay

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 14 қаңтарда елдің бірнеше өңірінде аязға байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман. Жолдарда көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 14 қаңтарда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семейде ауа температурасы түнде 21-23 аязға дейін күрт төмендейді.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында аздаған қар, тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с.

Өскеменде ауа температурасы түнде 18-20 аязға дейін күрт төмендейді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қар, облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған қар, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Ақтөбеде шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың тау асуларында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде 23 м/с күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда жолдарда көктайғақ күтіледі.