14.01.2026, 16:40

Салтанат Нүкенованың мемориалдық тақтасы алынып тасталды (ВИДЕО)

Фото: aitym парақшасынан

Мұны қоғам белсендісі Вадим Курамшин мәлімдеді. 

Қостанай облысы Амангелді ауданы аумағындағы пантеонда орнатылған Салтанат Нүкенованың мемориалдық тақтасы алып тасталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мұны қоғам белсендісі Вадим Курамшин мәлімдеді. 

Қоғам белсендісі тақта орнатуға бастамашы болған Салтанаттың ағасы Айтбек Амангелдіні қатаң сынға алды . Белсендінің жазбасы жергілікті әкімдік тарапынан қолдау тапқан. Осылайша оған аудандық әкімдік қызметкерлері хабарласып, мемориалдық тақтаның алынғанын хабарлаған. 

“Бұл пантеонның негізін қалаған адам меценат, саяхатшы, тарихшы әрі өлкетанушы Сапар Ысқақов. Ол пантеонды демеушілік қаражат есебінен тұрғызып, елге еңбегі сіңген, құрметтеуге және есте сақтауға лайық азаматтардың есімдерін ғана орналастырған”, – деді Вадим Курамшин.

Сонымен қатар белсенді мұндай шешімдер қоғамның келісімінсіз, біржақты қабылданбауы тиіс деп есептейді.