14.01.2026, 17:40

Солтүстік Қазақстанда ер адам танысын ұрып өлтірді

Фото: istockphoto.com

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 32 жастағы марқұмның мәйітін көршісі тапқан.

Солтүстік Қазақстан облысының Береке ауылында 29 жастағы ер адам ішімдік ішкен танысын монтировкамен ұрып өлтірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Qazaqstan Media-ға сілтеме жасап хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 32 жастағы марқұмның мәйітін көршісі тапқан. Қылмыскерлер оның денесін қар үстімен сүйреп, қоршаудың жанына тастап кеткен.

СҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, алдын ала дерек бойынша, 29 жастағы ауыл тұрғыны алкогольдік ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал барысында 32 жастағы жәбірленушіге өлімге әкелген дене жарақатын салған.

Аталған қылмыс бойынша екі адам күдікті ретінде қаралуда. Екінші күдіктінің іске қатыстылығы нақтыланып жатыр. Екеуі де «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тегтер: СҚО ұрып-соғу